Ақтөбедегі ауыр қылмыс: Өмір бойы бас бостандығынан айырылған азамат жеңілдік сұрады, бірақ сот қаулысы өзгеріссіз қалды

Ақтөбеде педофилге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы өзгеріссіз қалды
Жоғарғы Сот 7 жасар қызды зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған ақтөбеліктің ісін қарап, оның жазасын жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмады.
Жоғарғы Соттың хабарлауынша, сотталған азаматқа қатысты үкімді Ақтөбе облысының соты 2025 жылғы 26 наурызда шығарған.
"Сот алқасы іс материалдарын және тараптардың дәлелдерін зерттей келе, сотталғанның алкогольдік масаң күйде зорлық-зомбылық қолданып және оны қолданамын деп қорқытып, кәмемелетке толмаған балаға (2018 ж.т.) қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағанын анықтады", – делінген хабарламада.
Сотталғанның кінәсі жәбірленушінің, оның заңды өкілінің айғақтарымен, бақылау камерасынан алынған бейнежазбалармен және сот сараптамаларының қорытындыларымен расталды.
Кассациялық қарау қорытындысы бойынша сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Дереккөз: CMN
Соңғы жаңалықтар





