Ақтөбелік ер адам анасын соққыға жығып, тұншықтырып, қабырғаларын сындырған

05.05.2026 11:39 Әсел Мұрат
Ақтөбелік ер адам  анасын соққыға жығып, тұншықтырып, қабырғаларын сындырған
487
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Ақтөбеде жантүршігерлік қылмыс қыста болғанымен, бұл іс бойынша сот үкімі небәрі бірнеше күн бұрын ғана шықты, деп хабарлайды Politico.kz «Диапазон» сайтына сілтеме жасап.

Айыптау нұсқасына сәйкес, 35 жастағы Станислав мас әрі есірткіге мас күйде үйіне келіп, анасының құрбысымен бірге арақ ішіп отырғанын көреді. 

Ашуға булыққан ол қонақ әйелді жұдырықпен екі рет бетінен ұрып, дастарқанды төңкеріп тастаған.

Анасы жәбірленушіні қорғауға ұмтылғанда, ұлы оған да тап береді. Алдымен анасының бетінен ұрып, кейін жерге құлатып, қабырғаларынан тепкілейді, соңында көтеріп, тұншықтыра бастайды. 

Әйелдің тынысы тарылып, ол ұлынан тоқтауын және оларды жіберуін жалынып сұрайды.

Соққыға жығылған әйелдер сыртқа шығып, полиция шақырмақ болады. 

Бұзақы олардың артынан еріп шығып, «102»-ге қоңырау шалып жатқанын көріп, анасынан үйге қайта кіруді талап етеді. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде жәбірленушінің екі қабырғасы сынғаны анықталды.

Ер адамға денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру бабы бойынша айып тағылды. Ол өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетке анасын ішімдік ішкені үшін барғанын айтқан. Алайда өзі де сол сәтте мас күйде болған.

Жәбірленуші сотта ұлының өзін қалай соққыға жыққанын егжей-тегжейлі баяндап берді. Соған қарамастан, кейін оны кешіргенін айтып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Жуырда сот айыпталушыны анасын ұрып-соққаны үшін 400 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды. Үкім жарияланғаннан кейін ол бірден қамаудан босатылды. Бұған дейін ол екі ай бойы тергеу изоляторында отырған.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий