Балиде жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Индонезияның көші-қон қызметі Балиде жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен рейд кезінде13 шетелдікті ұсталды. Олардың арасында Қазақстан азаматы да бар, деп хабарлайды Politico.kz. Antara сайтына сілтеме жасап.
Рейд 17 қыркүйектеЧангу, Семиньяк және Умалас аудандарында жүргізілген. Қазақстан азаматы Умаластағы вилладан үш Ресей азаматымен бірге ұсталған. Көші-қон қызметкерлері бұл мекенжай туралы ақпаратты Telegram желісінен жинаған.
Жалпы 12 әйел мен бір ер адам ұсталған. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Нигерия және Украина азаматтары бар.
Ведомство мәліметінше, тұрғындардан түскен хабарламалардан соң операция басталған. Қызметкерлер ақпаратты онлайн-платформалар арқылы тексеріп, бақылау жүргізген. Шетелдіктер Индонезияның көші-қон заңнамасын бұзды деген күдікке ілінді.
Көші-қон қызметінің өкілдері ұсталғандарға депортация жасалып, Индонезияға бес жылға кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар оларға қатысты қылмыстық іс қозғлуы да мүмкін.
Осыған қатысты сыртқы істер министрлігіне сауал жолдадық. Әзірге ресми ақпарат жоқ.
Соңғы жаңалықтар