Ақын Бақыт Беделханның әжесін «атып» кетті – журналист
810
Журналист Қанат Тілеухан әлеуметтік желідегі парақшасында ақын Бақыт Беделхан туралы естелікті бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Бақыт ағаның әжесі жүзден асқанда дүниеден өтіпті. Ағайын, дос-жаран, құрбы-құрдастар келіп көңіл айтады. Содан бір досы келіп: «Бақыт, әжең кеше ғана аман-есен жүр еді, қалай осылай боп қалды?» – деп көңіл білдіріпті. Бір уақытта әлгі жолдасы қайта айналып келіп, «дені сау еді ғой, не болды?» – деп тағы сұрапты. Үшінші рет келгенде Бақыт ағам «Әжемді атып кетті» деген екен.
Содан жаназа басталып, қарызы бар-жоғы айтылып жатады ғой, сол кезде имам тұрып «ғасырдан аса өмір сүрді, бұл кісінікі той десе де болады» депті. Сонда ақын «Почти қыз ұзату ғой» деген екен...», - деді Қанат Тілеухан.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...