"Арам дүние маған керек емес": "Қазақ аруы-2024" кінә таққандарға жауап берді
378
Бірер күн бұрын "Қазақ аруы – 2024" атанған Ақкербез Ысқаққызы өз жеңісіне қатысты пікір білдірді. Қызылордалық бойжеткен өзін тәжді сатып алды деп сынап жатқандарға жауап берді.
Ақкербез Ысқаққызы "Қазақ аруы" байқауындағы жеңісінен кейін ел арасында айтылып жатқан қауесеттерге нүкте қойды.
Кейбір оқырмандар қызылордалық аруды байқауды сатып алды деп сынаған. Бойжеткен қарапайым отбасыдан шыққанын айтып, бұл жеңіс өзіне әділ келгенін жеткізді.
"Қарапайым отбасыдан шыққан қызбын. Ата-анам кәсіпкер болып жұмыс істейді. Төрт бауырым бар. Мен үйдің ең кенжесімін. Отбасымызда екі жеңгем, барлығымыз бірге тұрамыз. Өте үлкен отбасымыз. Көп кісілер "екі келіннің басы бір үйге қалай сыйып жатыр" деп бізге таңғалады. Бұл менің отбасымның даналығы, тәрбие көргеніміз, ата-анамыздың мықтылығының арқасында қазір осындай жағдайға жетіп тұрмыз деп ойлаймын. Менің асып-тасып бара жатқан ешкімім жоқ. Тіреп тұрған көкем жоқ. Көбі мен сатып алды деп сынап жатыр. Ондай сатып алынған арам дүние маған керек емес. Бұл жеңіс маған әділ келді", - деді Ақкербез Ысқаққызы.
Соңғы жаңалықтар
25.04.2026
17:42
«Англияға жұмысқа жіберемін» деген әйел уәдемен...
25.04.2026
16:32
Қазақмыс «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
25.04.2026
16:20
«Хайп емес, нақты әрекет керек»: Тоқаев жануарл...
25.04.2026
15:17
Алматыда ресейлік саясаткер Владимир Жириновски...
25.04.2026
14:45
Павлодарлық жетім қыз инстаграм арқылы бір күнд...
25.04.2026
14:08
Жетісуда ер адам әйелді пышақтап өлтірді