"Арамызда қалсын бәрі": Мөлдір Мұқанова жас жігітпен видеоға түсті

18.06.2025 16:29
0
237
Фото: instagram.com/moldir.mt

Әншілікке бет бұрған Мөлдір Мұқанова жас орындаушы Амантай Әбенмен бірге дуэт жазып, жаңа әнін жарыққа шығарды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Мөлдір Мұқанова "Арамызда қалсын бәрі" атты жаңа әннің бейнебаянын Instagram желісіндегі парақшасында ел назарына ұсынды.

"Арамызда қалсын бәрі… Бұл өнер. Жүрек пен шабыттың үндескен шағы. Сырт көзге жай ғана дуэт көрінгенімен, бұл мен үшін өнердің өрісі. Оқырманым, қолдау деген үлкен шабыт. Тілектес болу - нағыз өнердің өсуіне жол ашар алтын көпір. Әдемілікті бірге көріп, бірге сезейік. Өнерге жүрекпен қарайық", - деген жазба қалдырды Мөлдір Мұқанова бейнебаян үзіндісінің сипаттамасында.

Ол өзімен дуэт айтқан жас өнерпазға қатысты желіде сұрақ жиілегенін ескеріп, оны оқырманына таныстыруды жөн көрді.

"Оқырмандарымның ойын сан-саққа жіберген жігітті белгілеп қояйын", - деп әріптесінің желідегі парақшасын көрсетті Мөлдір Мұқанова.

Желі қолданушылары Мөлдірдің жаңа туындысына құтты болсын айтып, ізгі тілегін жазып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий