«Әрбір отбасыда қиындықтар болады»: әнші Назым Әбілдина ажырасып кетті ме (ВИДЕО)

19.11.2025 13:13 Әсел Мұрат
«Әрбір отбасыда қиындықтар болады»: әнші Назым Әбілдина ажырасып кетті ме (ВИДЕО)
0
81
Фото: видеодан скрин

КешYou тобының бұрынғы мүшесі, әнші Назым Әбілдина «Мамский әңгімеге» берген сұхбатында сахнадан жоғалуына күйеуі себепкер болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесі күйеуінің қатты қызғаншақ екенін бөлісіп, жолдасы өнерден кетіп, желідегі парақшаларды өшіруін сұрағанын айтты.

«Күйеуім қатты қызғаншақ. Шаңырақ көтергеннен кейін жолдасым «күйеуге шықтың, әнді де қой, Instagram-парақшаңды да өшіріп, үйде бол» деп айтты. Сөйтіп желідегі парақшаларды өшірдім, сахнадан да кеттім, артынан жүкті болып, екі жылдай өз әлемімде өмір сүрдім», – деді ол.

Әнші тұрмысқа шықпай тұрып сүйіктісімен келісім болғанын жеткізді.

«Ол маған үйленуге ұсыныс жасаған кезде арамызда келісім болды. Мен оған өмір бойы сахнада жүргенімді, өнер менің өмірімнің бір бөлшегі екенін ашып айттым. Ол келісті, бірақ сахнаға бұрынғыдай жиі шықпайтынымды ескертті. Сөйтіп өнер жолында өзім үшін ғана жүремін деген келісімге келдік. Кейінірек үйленіп, ата-енемізбен тұра бастағанда, сахнадан кету туралы әңгімелер айтыла бастады. Күйеуім болғандықтан сөзіне қарсы шықпадым. Уақыт өте келе күйеуім мені түсініп, қазір өнерге қайта оралып жатырмын», – деді ол.

Сондай-ақ Назым Әбілдина өзінің ажырасып кеткеніне қатысты қауесеттерге жауап берді.

«Әрбір отбасыда қиындықтар болады, бірақ біз ажырасқан жоқпыз», – деді әнші.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий