«Әркім өз қызын құшақтасын»: Төреәлі Әлихановтың әрекеті елді жылатты

14.01.2026 09:30 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Әркім өз қызын құшақтасын»: Төреәлі Әлихановтың әрекеті елді жылатты
0
80
Коллаж: Politico.kz

Әнші Төреғали Төрәлінің қарындасы Дина жаңа туған сәбиімен бірге перзентханадан үйіне оралды. Қуанышты сәтте үйге жақын-жуық түгел жиналып, жас ананы ерекше ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Politico.kz

Сәбиді алғаш болып құшақтауға ата-енесі асыққанымен, дәл сол сәтте Динаның әкесі Төреғали Әлихановтың айтқан бір ауыз сөзі жұрттың жүрегін елжіретті.

«Әркім өз қызын құшақтасын», — деген ол қызына қарай беттеп, жаңа босанған Динаны бауырына басты.

Әкенің бұл әрекеті көпшілік үшін ең әсерлі әрі шынайы сәттердің біріне айналды.

Желі қолданушылары да бұл көрініске бейжай қалмай, жүрекжарды пікірлерін қалдырды.

«Ата-анамызға әлі де бала болып қала береміз ғой», «Дина, жылатып жібердің», «Жүз жасасын, шөберелерінің қолынан май жаласын», «Папамды қатты сағынып кеттім», «Әкемді көрмедім, бірақ әке махаббатын сездім», «Неге жылап қалдым десем, мама мен папа шынымен жанашыр екен» деп жазды оқырмандар.

Көпшіліктің айтуынша, бұл видео  ата-ана махаббатының, әкенің қызына деген шексіз мейірімінің айқын көрінісі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий