«Әртістердің 70 пайызы ішеді, шөп шегеді» дейді продюсер Жан Мұқанов
ТикТок әлеуметтік желісіндегі bez-mishury парақшасында продюсер Жан Мұқанов әнші Төреғали туралы біраз шындықты айтты, деп хабарлайды politico.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.
Сұхбатта продюсер Жан Мұқанов қазіргі әртістердің басым бөлігі, кем дегенде, 70 пайызының алкоголь ғана емес, анаша қолданатынын айтады.
«Кейбірі шөп шегеді, енді біразы наркотик қолданады. Меніңше әртістер мұны шабыттану үшін қолданады. Мен Төреғалимен жұмыс істегенде, оның кәдімгі «нянясы» болдым. Мен онымен 3 жыл жұмыс істедім.
Оның бастапқы гонорары 300-500 доллардан басталып, кейін 8-10 мың долларға дейін көтерілді. Біз Төреғалимен бір концерттің кесірінен айырылдық. 46 млн теңге жұмсалған сол концертте Төреғалиға «осынша шығын кетті, сен 10-12 ән айтуың керек» дедім.
Ол сол кезде шаршаңқы ма, әйтеуір бір түсініксіз халде, мас па, басқа ма, әйтеуір сондай күйде маған «Жан — ол сенің проблемаң» деді», — деген продюсер өзіне құрмет көрсетпеген кісімен байланысын үзетінін айтты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
11:37
Астанада кішкентай қызға тиісті деген күдікпен ...
26.10.2026
10:56
«Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді»: Төреғали Тө...
26.10.2026
10:32
Мың теңге үшін басталған жанжал: Қызылордада ор...
26.10.2026
10:28
Трамп, Си Цзиньпин, Ердоған, Путин: Тоқаев шете...
26.10.2026
09:55
Қостанайда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: ...
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...