ҒАРЫШТА ЖАСАЛҒАН ДӘРІ ЖЕРГЕ ЖЕТТІ
Varda Space Industries атты калифорниялық компания ғарышта дәрі жасап, тарихқа кірді. Компанияның өндіріске арналған капсулалары орбитада біраз уақыт жатып қалса да, биылғы 21 ақпан күні Юта штатының шөл даласына сәтті қонды.
2023 жылдың маусым айында Varda Space Industries әлемде тұңғыш рет мини-ғарыш фабрикасында дәрі өндірісін ашқанын жариялаған болатын.
Дәрі өндірісі миссиясы әуеге 12 маусымда SpaceX Falcon 9 ғарыш кемесімен көтерілді. Дәрі әзірлеу процесі W-Series 1 жер серігінде өтті. Ол Rocket Lab компаниясының Photon орбиталық платформасына тіркелген.
Дәріні дайындау 27 сағатқа созылып, 30 маусымда аяқталды. Мини-зауытта ритонавир кристалдары – ВИЧ/СПИД-ті емдеуде қолданылатын протеаза ингибиторы әзірленді.
Неліктен бұл дәріні ғарышта әзірлеу қажет болды десек, бұның өзіндік себебі бар екен. Басты мәселе – мұнда гравитация жоқ.
Ғарыш жағдайында Жердегіге қарағанда, ақуыздың аса жоғары сапалы кристалл құрылымдарын алуды жеделдетуге болады. Сынақ біткен соң бәрі сәтті өткені белгілі болды.
Жоспар бойынша капсула жерге 2023 жылдың шілдесінде жетуі керек еді. Бірақ АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы оған атмосфераға шығуға рұқсат бермеді. Сөйтіп капсула осы уақытқа дейін ғарышта жатты.
Сонымен, Rocket Lab компаниясы әзірлеген капсула Юта штатындағы полигонға, Солт-Лейк-Сити қаласынан 128 км жерге жеткізілді.
Капсуланы алған соң компания оны одан әрі талдау үшін Лос-Анджелестегі бөлімшесіне жіберді. Қосымша мәліметтер ВВС мен НАСА-ға тапсырылады деді компания басшылығы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...