Асхат Аймағамбетов балаларға қатысты қуанышты жаңалығын айтты

05.11.2025 12:49 Арман Ермеков
Асхат Аймағамбетов балаларға қатысты қуанышты жаңалығын айтты
0
247
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов туабітті бет-жүз ақаулары бар балаларға қатысты маңызды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялағандай, енді ірі гемангиома, тамырлық мальформация, ерін мен таңдай жырығы және басқа да айқын аномалиялармен туған балалар реконструктивті-косметикалық операцияларды мемлекет есебінен ала алады.

«Енді туабітті бет-жүз ақаулары бар балалар – ірі гемангиомалармен, тамырлық мальформациялармен, ерін мен таңдай жырығымен және басқа да айқын аномалиялармен туған балалар – реконструктивті-косметикалық операцияларды мемлекет есебінен ала алады. Біз осындай бастама жасап, заңға тиісті түзету енгіздік.

Бұрын мұндай оталар жиі «эстетикалық» деп саналатын және көп жағдайда қаржыландырылмайтын. Сол себепті ата-аналар қаражатты өздері іздеуге мәжбүр болатын. Қосымша көмекті  көп жағдайларда «Қазақстан халқына» қоры көрсетіп келді.

Ал шын мәнінде, мәселе сыртқы келбетте емес- баланың тыныс алуында, тамақтануында, көруінде және ең бастысы - оның психологиялық жағдайында болатын.

Халықаралық тәжірибе де мұндай шешімдердің маңызын дәлелдейді.
Осындай бағдарламалар жыл сайын мыңдаған балаға еркін жымиып, қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік береді.

Енді бұл мүмкіндік қазақстандық балаларда да бар. Бұл – жай ғана медициналық шара емес, бұл – адамның қадір-қасиетін қорғау, әлеуметтік әділдік және ең әлсіз жандарға деген қамқорлықтың көрінісі.

Ендігі басты міндет – осы норманың уәкілетті орган тарапынан нақты және тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету», – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий