Әскердегілерге енді несие берілмейді: Банктер сарбаздардың өтінімін қабылдаудан бас тартады
Қазақстанда Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздарға несие рәсімдеуге толықтай тыйым салынуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осындай шектеулерді қарастыратын арнайы қаулы жобасын әзірлеп, қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды Politico.kz
Ұсынылып отырған құжатқа сәйкес, Қорғаныс министрлігі мен несие бюролары арасында жедел ақпарат алмасу жолға қойылады. Бұл тетік әскер қатарына шақырылған азаматтардың мәртебесін автоматты түрде анықтауға және оны несие тарихында белгілеуге мүмкіндік береді.
Ең маңызды өзгеріс – екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарының жұмысына қатысты. Енді қаржы институттары кез келген ер азаматтан несиеге өтінім түскен кезде, ең алдымен оның әскери қызметтегі мәртебесін тексеруге міндеттеледі.
«Егер кредиттік есепте жеке тұлғаның мерзімді әскери қызметті өткеруі туралы мәліметтер болса, банктер мен микроқаржы ұйымдары кредит беру туралы өтінімді қабылдамайды», – делінген құжат мәтінінде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...