Асқар Жұмабек қамауға алынды
2026 жылдың 20 наурызында әлеуметтік желілерде модель Айнұра Нарзиева мен актер Асқар Жұмабектің қатысуымен болған жанжалдың видеосы тарады, деп хабарлайды Politico.kz.
Кадрларда актердің бойжеткенге агрессивті әрекет танытып, ауыр сөздер айтқаны көрініс тапқан. Айнұра Нарзиева бұл оқиға түсірілім барысында болғанын айтып, жағдайдың өзіне қатты әсер еткенін жеткізді. Желі қолданушылары да видеоға наразылық білдіріп, қызға қолдау көрсетті.
Ал 21 наурыз күні Алматы қалалық полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты тексеру жүргізілгенін мәлімдеді. Құқық қорғау органдары барлық қатысушыларды анықтап, Асқар Жұмабекті полиция бөліміне жеткізген.
Тексеру нәтижесінде оның қоғамдық орында өзін агрессивті ұстап, балағат сөздер айтып, азаматшаға құрметсіздік танытқаны белгілі болды. Осыған байланысты актерге ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Сот шешімімен Асқар Жұмабек 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Полиция өкілдері қоғамдық тәртіпті бұзу және агрессия көрсету заң аясында міндетті түрде жазаланатынын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар