Астана қаласының спорт басқармасы Қостанайға гуманитарлық жіберді
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері мен басқармаға қарасты мекеме қызметкерлері еліміздің су басқан өңірлеріндегі жағдайға алаңдаушылық танытып, өз көмектерін көрсетуде.
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қатардағы азаматтардың ұйымшылдығының арқасында азық-түлік, матрацтар, осы күндері көрпелер, киім-кешек пен жылы киім, зардап шеккендерге қажетті заттар жиналды.
Басқарма басшысы Василий Алексеевич күрделі жағдай кезінде көмек қолын созған әріптестерімен алғысын білдіріп, осындай игі шаралар елордалық спортшылардың назарынан тыс қалмағанын тілге тиек етті.
Сондай-ақ, күні кеше «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры және «Мейірім» қайырымдылық қоры бірлесіп Ақтөбеге 7 тонна гуманитарлық көмек жіберген болатын. Сол қоғамдық қордың еріктілерінің ішінде қалалық спорт басқармасына қарасты №3 олимпиадалық резервінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушiлерi де атсалысты. Қазіргі уақытта Астана қаласында гуманитарлық көмекті үйлестіретін штабтар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Айта кетелік, су тасқыны болған уақыттан бері Астанадан зардап шеккен өңірлерге 900 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілген болатын. Өткен демалыс күндері «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры мен Астана қаласының Ауғанстандағы мүгедектер мен соғыс ардагерлері одағы су тасқынынан зардап шеккендерге тағы 12 тонна гуманитарлық көмек берді. Алдағы уақытта Астана қаласында гуманитарлық көмек жинау, су басқан аймақтарға қолдау көрсету жұмыстары өз жалғасын табатын болады.- Бүгінде еліміздің бірнеше өңірінде табиғи апат қаупі күшейіп, көктемгі су тасқыны басталды. Дегенмен қазақстандық еріктілер қиындық кезінде ешқашан шет қалған емес. Қазір де көптеген отандастарымыз су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп, қол ұшын созып жатыр. Халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағы осындай сын сағаттарда көрінетіндігі көңіл қуантады. Астана қаласының спортшылары қашанда көмек қолын созуда. Міне, енді бүгін сол ізгі істердің жалғасы ретінде Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері мен басқармаға қарасты мекеме қызметкерлерінің атсалысуымен Қостанай облысына гуманитарлық көмек жолға шығайын деп тұр. Осыған дейін мекеме қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге Туризм индустриясы және спортты қолдау қорымен ашылған арнайы есепшотқа бір күндік жалақыларын аударған болатын. Онымен бірге басқармаға қарасты мекеме қызметкерлері алдағы демалыс күні (сенбі, жексенбі) Ақмола маңайындағы Күйгенжар ауылына барып көмек көрсетеді. Олар су тасқыны салдарын жою, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысатын болады. Көмек қолын созған барлық азаматтарға, еңбекқор халқымыз бен әріптестеріме алғысымды білдіремін. Біз спортшылар әрқашан халқымызбен біргеміз. Осындай ел басына іс түскен шақта біздің қуат-күшіміз мызғымас бірлікте екендігі маңызды – деді Василий Левит.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...