Астанада 80 мың теңге үшін адам ұрлаған шетелдіктер сотталып кетті
Астана қаласының соты Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген алты азаматқа қатысты үкім шығарды. Олар елорда аумағында адам ұрлап, бопсалаумен айналысқан, деп хабарлайды Politico.kz.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қылмыстық оқиға 2024 жылы желтоқсада басталған. Топ мүшелерінің бірі жәбірленушіден орындалмаған қызмет үшін ақша талап етіп, күш қолдану арқылы 80 мың теңге аудартқан.
Кейін алдын ала сөз байласқан адамдар тобы пайдакүнемдік ниетпен күш қолдану арқылы жәбірленушіні Астана қаласының аумағында ұрлап әкеткен.
5 адам алдын ала сөз байласып, пайдакүнемдік ниетпен адам ұрлағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 1 адам қылмысқа көмектескені және өз бетінше билік еткені үшін 7 жыл 6 айға сотталды.
Үкім 2026 жылдың 5 ақпанында күшіне енді.
Айта кетейік, адам ұрлағаны үшін заңнамада 15 жылға дейін, ал өз бетінше билік еткені үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...