Астанада бірнеше көлік соқтығысты: адам шығыны бар (ВИДЕО)
Астананың сол жағалауындағы көпірде жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Үш көлік соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмды. Жол апаты 28 қаңтар күні кешкі уақытта болды.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі апаттың мән-жайын түсіндірді.
Полицияның мәліметінше, Toyota көлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесі жағынан келе жатып, көпір үстінде рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Соның салдарынан қарсы бетте тікелей бағытта келе жатқан Lada және Skoda көліктерімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...