Астанада бизнес үшін электр энергиясының құны арзандады
Астанаэнергосбыт» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт/сағатына 38,35 теңгеден 31,45 теңгеге дейін, яғни, 18%-ға төмендету туралы хабарлама берді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады.
Аталмыш комитеттің мәліметінше, төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.
Еске сала кетейік, бұл жұмыс Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілді.
Туындаған сұрақтар бойынша «Атсанаэнергосбыт» ЖШС-на жүгінуге болады: Заңды тұлғалар үшін: Б. Момышұлы даңғылы, 4/1 үй, телефон 91-83-33, 91-85-27, 91-87-50, 91-87-39; Бөгенбай батыр даңғылы, 24/1, телефон 91-86-75, 91-87-36. Сондай-ақ «Астана-АЭК» АҚ: Иманов көшесі, 11, телефон: 576 579. Сауран көшесі, 7б, телефон: 472 191. Домалақ ана көшесі, 9, телефон: 620 457 қос. 2699.«Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Астанаэнергосбыт» ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті. Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Астана қаласының заңды тұлғаларының «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар», - делінген комитет хабарламасында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...