Астанада дамуында тежелуі бар оқушы соққыға жығылды

25.05.2026 11:01 Әсел Мұрат
Астанада дамуында тежелуі бар оқушы соққыға жығылды
170
Фото: видеодан скрин

Астанада сөйлеу және психикалық дамуында тежелуі бар оқушыны жасөспірімдер соққыға жықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ерекше баланың анасы желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, оқиға сабақ аяқталған соң, жасөспірім сыныптан шыққан кезде болған.

«Ұлым сыныптан кейін оған арт жағынан шабуыл жасап, қылғындырып, ұра бастаған. Менің балама 15 рет соққы жасаған. Қалғандары жанында тұрып күліп, өзге балалардың араша түсуіне мүмкіндік бермей, болған оқиғаны телефонға түсіріп тұрған. Менің ерекше балам өзін не себепті ұрып жатқанын толықтай түсінбеген», – деп жазды ерекше баланың анасы.

Астана қаласының полиция департаменті аталған жағдайға қатысты пікір білдірді. Оқиғаға қатысы бар юарлық жасөспірім полицияға жеткізілген. Олар профилактикалық есепке қойылған.

«Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі мен заңды өкілдердің қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес өткізілді», – деді полициядағылар.

Войдите, чтобы оставить комментарий