Астанада ер адам 12 жастағы қызды артынан аңдып, тиіспек болды

Астанада ер адам 12 жастағы қызды артынан аңдып, тиіспек болды
Видеодан кадр
Елордада кәмелетке толмаған қызға қатысты оқиға қоғам талқысына түсті

Астанада 12 жастағы қыздың анасы қызына қатысты әдепсіз әрекеттер жасалды деп мәлімдеді. Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған, деп хабарлайды Politico.kz.

Анасының айтуынша, ер адамның әрекеті күмән тудырады және ол бұл жағдай бойынша тиісті шара қолдануды талап етеді. Алайда жергілікті учаскелік полиция инспекторы мен аталған азамат жұмыс істейтін мекеме басшылығы құқықбұзушылық белгілерін анықтамағанын айтып, оны қорғап шыққан.

Қоғамда резонанс тудырған жағдайға байланысты қала тұрғындары құқық қорғау органдарынан жан-жақты әрі объективті тексеру жүргізуді сұрауда.

Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша ресми түсініктеме берген жоқ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу