Астанада ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді 

24.09.2026 10:01 Әсел МҰРАТ
Астанада ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді 
268
Фото: әлеуметтік желіден

Астанада ер адам бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға кешкі уақытта болған.

Желіде тараған ақпарат бойынша, әйел көлігін тұраққа қойған. Сол сәтте ер адам көліктің есігін ашып, оған пышақ жарақатын салған. Марқұмның артында екі баласы қалды.

Полиция мәліметінше, 22 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында полицияға әйел адамға шабуыл жасалғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері барған. Алдын ала анықталғандай, ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған.

Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр.

Полиция күдіктінің полиция қызметкері екені туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Войдите, чтобы оставить комментарий