Мәслихат сайлауы: кандидаттарға қанша ақша бөлінетіні белгілі болды
Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды шығындары бекітілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына кандидаттардың мемлекеттік бюджет есебінен жабылатын шығындарының мөлшерін нақтылады. Тиісті қаулыларға ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров қол қойған
Бюджет қаражаты есебінен өтелетін шығындар кандидаттың деңгейіне қарай әртүрлі болады.
Астана, республикалық маңызы бар қалалар және облыстық мәслихат кандидаттары үшін:
- Теледидар мен радио арқылы сайлауалды бағдарламасын таныстыру және мерзімді баспасөзде немесе интернет-басылымдарда екі мақала жариялау – 410 мың теңге;
- Көпшілік алдында сайлауалды іс-шараларын өткізу және үгіт материалдарын шығару – 180 мың теңге;
- Көлік шығындары – 110 мың теңге.
Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін:
- Теледидар мен радио арқылы сөз сөйлеу және екі мақала жариялау – 400 мың теңге;
- Сайлауалды іс-шараларын өткізу және үгіт материалдарын шығару – 170 мың теңге;
- Көлік шығындары – 80 мың теңге.
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін:
- Теледидар мен радио арқылы сөз сөйлеу және екі мақала жариялау – 290 мың теңге;
- Сайлауалды іс-шараларын өткізу және үгіт материалдарын шығару – 130 мың теңге;
- Көлік шығындары – 80 мың теңге.
Айта кетейік, мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашада өтеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
12:15
Валюта айырбастаушыларды өлтіріп, мәйіттерін ау...
26.10.2026
11:52
Мәслихат сайлауы: кандидаттарға қанша ақша бөлі...
26.10.2026
11:46
Қазақстандықтардың тамаққа қанша жұмсайтыны жән...
26.10.2026
11:37
Астанада кішкентай қызға тиісті деген күдікпен ...
26.10.2026
10:56
«Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді»: Төреғали Тө...
26.10.2026
10:32
Мың теңге үшін басталған жанжал: Қызылордада ор...