Астанада мас ер адам жедел жәрдем қызметкерін ұрып жіберді
848
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Астанада жедел жәрдем қызметкеріне күш қолданған ер адам ұсталды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Мәліметке сәйкес, оқиға қаладағы сауда орталықтарының бірінде болған. Шақырту бойынша келген жедел жәрдем бригадасы сол жерде мас күйде болған екі ер адамға көмек көрсету үшін барған. Олардың бірі өзін жайсыз сезінгенін айтып, дәрігерлерді шақыртқан.
Медицина қызметкерлері алғашқы көмекті көрсетіп, кетуге дайындалған сәтте ер адамдардың бірі агрессивті мінез танытып, фельдшерді ұрып жіберген.Оқиғаны көрген куәгерлер бірден полиция шақырған. Құқық қорғау органдары күдіктіні оқиға орнында ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
Қазіргі уақытта медицина қызметкеріне қатысты күш қолдану дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...