Астанада отбасылық жанжалдан кейін ерлі-зайыпты мерт болды
Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде ерлі-зайыптының қазасына қатысты қайғылы жағдай болды. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ерлі-зайыптының арасында жанжал туындаған. Кейін ер адам мен әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.
Көршілердің айтуынша, қайғылы жағдайға олардың 12 және 14 жастағы екі баласы куә болған.
Оқиғаның мән-жайын білу үшін Астана полициясына сұрау жолдадық. Полиция қайғылы оқиғаның болғанын растап, мән-жайды түсіндірді.
«Адам өлтіру және өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анықталғандай, ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал барысында 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған, кейін өзіне қол жұмсаған. Алған жарақаттарының салдарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізілуде», - делінген полиция хабарламасында.
Соңғы жаңалықтар