Астанада қаза тапқан қыздың інісінің жағдайы белгілі болды
Астанада қаза болған әйелдің інісінің жағдайы туралы жаңа мәлімет шықты
Астанадағы Millennium Park тұрғын үй кешенінде орын алған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
2009 жылы туған жасөспірім пышақ жарақатымен жедел хирургия бөліміне жатқызылған. Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның жағдайы ауыр күйінде қалып отыр.
Еске салайық, 22 маусымда пәтерлердің бірінен пышақ жарақаттарымен жас әйелдің мәйіті табылған болатын. Куәгерлердің айтуынша, оған бұрынғы жігіті шабуыл жасаған. Кейін ол пәтерден шығып, қыздың кәмелетке толмаған інісіне де пышақпен шабуыл жасаған. Жасөспірімді аулада ауыр жарақатпен тауып, ауруханаға жеткізген.
Астана қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады. Қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...
29.10.2026
11:58
Дана Медеуова «Қазақстан балалары» депутаттық т...
29.10.2026
11:54
«Күліп жүргеннің бәрі бақытты емес»: Ердос Қана...
29.10.2026
11:23
12 жылға сотталған ҰҚК подполковнигінің үкімі ж...
29.10.2026
11:20
Жәрдемақыны енді бәріне бірдей бермейді: отбасы...