Астанада сібір жарасын жұқтырған мал етінің сатылып жатқаны рас па?

Астанада сібір жарасын жұқтырған мал етінің сатылып жатқаны рас па?
Фото: freepik.com

Астанада сібір жарасын жұқтырған мал етінің сатылып жатқаны туралы ақпарат жалған, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұл туралы ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті  ресми мәлімдеді.

«Барлық жеткізілген ет өнімі ветеринарлық-санитарлық тексеруден өтеді. Сондықтан тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ», - делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, бұған дейін бірен-саран жағдайлар тіркелген Атбасар ауданында дезинфекциялық жұмыс толық аяқталды. 

Желіде Астанадағы «Әлем» сауда орнында сібір жарасы ауруына шалдыққан мал етінің жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу