Астанада тағы бір жасөспірім көлік айдап, жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
1323
Кәмелетке толмаған жүргізуші мен екі көлік иесі жауапқа тартылды
Салық Зиманов көшесінде бірнеше көлік қатысқан қауіпті жарыс анықталды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтемемен.
Оқиға барысында Skoda және екі Toyota Highlander автокөлігі жолда бір-бірімен жарысып, басқа жүргізушілерге қауіп төндірген. Тексеру кезінде көліктердің бірін кәмелетке толмаған жасөспірім басқарғаны белгілі болды. Сонымен қатар жарысқа 18 жастағы Skoda жүргізушісі және 33 жастағы тағы бір Toyota Highlander иесі қатысқан.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, барлық көлік айып тұрағына жеткізіліп, қатысушыларға әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Сондай-ақ, жасөспірімнің заңды өкілі де жауапкершілікке тартылды. Оған көлікті жүргізу құқығы жоқ тұлғаға беру, бала тәрбиесіне тиісінше көңіл бөлмеу және жасөспірімнің түнгі уақытта ересектерсіз жүруіне жол бергені үшін айып тағылған.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады