Астанада тегін донер жеуге 4 мың адам жиналып, 4 көшеде кептеліс болды
Блогер Олжасхан (Олжас Қайрат) Астанада дәмхананың ашылуына орай «1000 донер тегін таратылады» деген жарнама жасаған. Ал онда жиналған адам саны 4 мыңнан асып кеткен.
Адам көп жиналғандықтан оқиғаны реттеуге тәртіп сақшылары тартылды. Себебі жиналған жұрттың көптігіне байланысты, 4 көшедегі қозғалыс шектелген. Блогердің жарнамасына жиналған адамдарға донер емес, талон таратылған. Кейін блогердің өзі оқырманнан кешірім сұрады.
Осылай болып кетеді деп ойламадық. Бұл жоспардан тыс болды. Мен үшін келгендіктен, барлығына шығып, суретке түскім келді. Алайда маған рұқсат бермеді. Кешірім сұраймын, - деді Олжас Қайрат.Болған жағдайға қатысты полиция департаменті де түсінік берді.
25 қыркүйекте мекеменің ашылуы мен донерге жеңілдікпен талон тарату кезінде көп адам жиналды. Есіл ауданының полициясы мен әкімдік қызметкерлері жағдайды реттеу және қысымның алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдады. Полиция қызметкерлері ұйымдастырушылардың тұлғасын анықтап, жеке кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...