Астанада жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Жасөспірімді қағып, ізін суытпақ болған жүргізуші Ақкөл маңында қолға түсті
Астанада 17 жастағы жасөспірімді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасынан кейін Subaru маркалы көлік жүргізушісі тоқтамай, Көкшетау бағытына қарай кетіп қалған. Оқиға туралы ақпарат бірден барлық патрульдік экипаждарға және республикалық маңызы бар трассалардағы полиция бекеттеріне жіберілген.
Бейнебақылау камералары арқылы күдікті көліктің елордадан шығар жолдағы жол терминалы арқылы өткендігі анықталған. Полицейлер көліктің қозғалысын шамамен 100 шақырым бойы камералар арқылы бақылап, оны Ақкөл қаласының маңында тоқтатты.
Қазіргі уақытта қажетті процессуалдық құжаттар рәсімделіп жатыр. Кейін күдікті әрі қарай тергеу жүргізу үшін Астана қаласының полиция қызметкерлеріне тапсырылмақ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...