Астанада жол белгісінде стриптизге ұқсас би билеген бойжеткен жазаланды

16.07.2026 20:18 Қарақат АСЫЛОВА
Астанада жол белгісінде стриптизге ұқсас би билеген бойжеткен жазаланды
187
Фото: Астана қаласы ПД

Астанада әлеуметтік желіге арнап әдепсіз видео түсірмек болған 23 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында бойжеткеннің жол белгісіне өрмелеп шығып, оның жанында би билеген видеосын анықтаған.

Полицияның мәліметінше, мұндай әрекет қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, жол инфрақұрылымы нысанының бүліну қаупін туғызған.

Тексеру нәтижесінде видеодағы азаматшаның жеке басы анықталып, оның Астана қаласының 23 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің ұсақ бұзақылыққа қатысты бабы бойынша хаттама рәсімделді.

Сот шешімімен бойжеткенге 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 86 500 теңге айыппұл салынды.

Полиция әлеуметтік желідегі лайк пен қаралым үшін заң талаптарын елемеуге болмайтынын еске салды. Ведомство өкілдерінің айтуынша, қоғамдық орындарда мұндай әрекеттер қала мүлкіне зиян келтіруі және қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіруі мүмкін.

Войдите, чтобы оставить комментарий