Желіде жыртылған Мемлекеттік Туға байланысты әкімдік жауап берді
817
Threads-тегі жыртылған Ту видеосына қатысты ШҚО әкімдігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Threads әлеуметтік желісінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының жыртылып тұрғаны бейнеленген видео тарады. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ресми түсініктеме берді.
Әкімдіктің мәліметінше, оқиға орнына жедел бригада жіберіліп, қауіпсіздік мақсатында жыртылған Мемлекеттік Ту алынып тасталған.
Хабарлауынша, қазіргі уақытта өңірде желдің екпіні қатты болғандықтан, жаңа Туды бірден орнату мүмкін емес.
«Ауа райы болжамына сәйкес, таңғы сағат 04:00 шамасында желдің күші бәсеңдейді. Осыдан кейін Мемлекеттік Ту қайта ілінеді», – деп мәлімдеді ШҚО әкімдігінен редакциямызға.
Әкімдік жағдай бақылауда екенін және Мемлекеттік Ту ауа райы қолайлы болған сәтте қайта орнатылатынын жеткізді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
23:17
Алматыда оқушылар жаппай уланып қалды: Аурухана...
14.10.2026
22:30
Қарағандыда мас күйде жолаушы тасымалдаған авто...
14.10.2026
21:54
Досаевтың шаңырағында жаңа бизнес
14.10.2026
21:29
Дастан Сатпаевтың матчқа қатыспау себебі белгіл...
14.10.2026
20:08
Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткі контраб...
14.10.2026
19:17
«Льдинка» кафесіндегі төбелес: Алматыда танымал...