Астанада жол жұмысшыларын көлік қағып кетті: бір адам қаза тапты
930
Астанада түнгі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан екі жол жұмысшысын жеңіл көлік қағып кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.
Қайғылы оқиға салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмып, екіншісі ауруханаға жеткізілді.
Астана қаласының Полиция департаменті хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы 18 тамызға қараған түні болған. «Skoda» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесі бағытына қарай қозғала отырып, жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын ескермеген. Салдарынан ол жолдың қозғалыс бөлігін жөндеп жатқан екі жұмысшыны қағып кеткен. Оқиғадан кейін оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарауда.
Қазіргі уақытта полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады