Астанадағы өрт: Белгісіз батырлар ондаған адамды ажалдан құтқарды

Астанадағы өрт: Белгісіз батырлар ондаған адамды ажалдан құтқарды
18.09.2025 15:14
0
148
Сурет: Бейнеден кадр

Бейсенбіге қараған түні Астанадағы көпқабатты үйде орналасқан «Karima» дәмханасынан өрт шыққан еді. Оқиға кезінде есімі белгісіз бір жігіт тұрғындарды дер кезінде оятып, эвакуациялауға көмектескен, деп хабарлайды елордалық Astanovka98 арнасы.

Бұл туралы өрт орнында болған куәгер Елдос есімді азамат айтып берді. Ол да тұрғындарды құтқаруға атсалысқан.

Куәгердің айтуынша, белгісіз жігіт барлық пәтердің домофонына қоңырау шалып, ұйықтап жатқан адамдарды оятқан. Дәл сол сәтте Елдос пен басқа да азаматтар сыртта тұрып, айқайлап, өрт туралы ескертуге тырысқан.

Кейін екеуі тұрғын үйдің ішіне кіріп, қабаттарды аралап, есіктерді қаққан. Алайда, олар төртінші қабатқа жеткенде қою түтінге байланысты тоқтауға мәжбүр болған. Одан әрі құтқару жұмыстарын арнайы қызмет өкілдері жалғастырды.

Осы жігіттердің және дер кезінде жеткен өртсөндірушілердің арқасында оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Тілсіз жаудан 8 пәтерге зақым келгені хабарланды. Қала билігі баспанасы бүлінген тұрғындарды уақытша қонақүйлерге орналастырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий