Астана-Қарағанды тасжолында жеті көлік соқтығысты: адам шығыны бар (ВИДЕО)

10.03.2026 15:50 Әсел Мұрат
Астана-Қарағанды тасжолында жеті көлік соқтығысты: адам шығыны бар (ВИДЕО)
220
Фото: видеодан скрин

Бүгін «Астана-Қарағанды» тасжолында 7 көлік соқтығысып, бір адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.


«10 наурыз күні сағат 11:00 шамасында Астана-Қарағанды тасжолының бойында, Ошағанды ауылының жанында Қарағанды бағытына қарай бет алған жеті көлік соқтығысып қалды. Жол апатының себебі – ауа райының қолайсыздығы: тас жолда боран күшейіп, жол тайғақ болған», - деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша бораннан жол көрінбей, жеті көлік бірінің артына бірі соғылған.

«Бірінші Chevrolet Nexia көлігі Chery Tiggo маркалы көлікке соғылған. Одан кейін ол көлікке Toyota Land Cruiser көлігі келіп соғылған. Оның артынан жүк көлігі, жүк көлігіне «ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметтік көлігі соғылды. Артынан УАЗ Hunter көлігі де жол апатына түсті. Апат салдарынан Toyota Land Cruiser көлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлайды полициядағылар.

Бұл көліктер қолайсыз ауа райына байланысты қозғалысқа шектеу енгізілгенге дейін жолға шыққан. 
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий