Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның жаңадан сайланған Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның жаңадан сайланған Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субианто Джойохадикусумоны Президент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
– Сіздің дана басшылығыңызбен ғажап еліңіз өзінің экономикалық және әлеуметтік даму жолында жаңа белестерді бағындырып, халықаралық аренадағы рөлін нығайта түсетініне сенімдімін. Қазақстан мен Индонезия арасында өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынас орнаған. Елдеріміздің мүддесіне сай көпжақты ықпалдастықты дамыту үшін бар мүмкіндікті бірлесе пайдалануға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Индонезия Президентінің барлық бастамасы табысты жүзеге асып, халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...