Атақты боксшының 17 жастағы спортшы ұлы көз жұмды

Атақты боксшының 17 жастағы спортшы ұлы көз жұмды
09.10.2025 13:58
0
178
әлеуметтік желі

Ауыр салмақтағы даңқты чемпион Артуро Гаттидің 17 жастағы ұлы Артуро Гатти Мексикада өлі күйінде табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ The Ring басылымына сілтеме жасап.

Жас боксшы кәсіби спорттағы алғашқы қадамдарын жасап жүрген және Мексикада тұрып жатқан. Ол өз пәтерінде қайтыс болған күйінде табылған.

Басылымның мәліметінше, бұл — Гатти әулетіндегі екінші қайғылы оқиға. 2009 жылы аты аңызға айналған чемпион Артуро Гатти Бразилияның Порту-де-Галиньяш қаласында жұмбақ жағдайда көз жұмған болатын.

Артуро Гатти екі мәрте әлем чемпионы атанып, кәсіби рингте 40 жеңіс, соның ішінде 31 нокаутпен аяқталған жекпе-жек көрсеткішіне қол жеткізген. 2013 жылы ол Бокстан Халықаралық Даңқ залына енгізілді.

Басылым атап өткендей, марқұмның ұлы кішкентайынан боксшы болуды армандаған. Ол бала кезінен-ақ әлеуметтік желілерде өзінің жаттығу видеоларымен жұрт назарын аударған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий