“Атып кеткен”: Иранның экс-президенті қаза тапты — БАҚ

“Атып кеткен”: Иранның экс-президенті қаза тапты — БАҚ
18.06.2025 10:01
0
175
Фото: Reuter/ Hadi Mizban

Тегеранда Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад шабуыл құрбаны болды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Әзербайжан телевидениесінің мәліметі бойынша, ол көшеде болған атыс кезінде қаза тапқан. Қайғылы жағдай 2025 жылдың 13 маусымында таңғы уақытта болған. Израиль «Арыстан халық» операциясы аясында Иранның ядролық және әскери инфрақұрылымдарына әуе соққыларын жасады. Бұл шабуыл нәтижесінде Ислам революциялық гвардиясы корпусының Бас штабы басшысы Хоссейн Салами мен Азад ислам университетінің ректоры Мохаммад Техранчи қаза болды.

Дегенмен кейбір БАҚ өкілдері Махмуд Ахмадинежад емес, шын мәнінде Иранның ядролық бағдарламасында маңызды рөл атқарған Ферейдун Аббаси көз жұмғаны туралы жазуда. 

Сарапшылар мұны ақпараттық соғыстың бір бөлігі деп отыр. 

Айта кетейік, Махмуд Ахмадинежад 2005 жылдан 2013 жылға дейін Иран президенті қызметін атқарған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий