Атырау – Астрахань тас жолының реконструкциясы аяқталды
Екі есе жылдамдық: Атырау – Астрахань жолындағы жаңалықтар.
Атырау – Астрахань тас жолының реконструкциясы аяқталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілдері мәлімдеді.
Жаңартылған трасса екі жолақтан тұрады: әр бағытқа бір жолақ қарастырылған. Жоба аясында алты көпір мен бір жол өткелі салынып, трасса бойына 650-ден астам жарықтандыру бағаналары орнатылды. Сонымен қатар демалуға арналған 10 арнайы алаң салынды.
Реконструкция жұмыстары 2018 жылы басталып, Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаржыландыруымен жүзеге асырылды. Бұрын бұл бағытты бес сағатта жүріп өтсе, енді сапарға екі сағат жеткілікті.
"ҚазАвтоЖол" өкілдері бұл жоба аймақ тұрғындары үшін тасымал жылдамдығын арттырып қана қоймай, қауіпсіздікті де едәуір жақсартатынын атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...