Атырау маңынан дронға ұқсас бөлшектер табылды (ВИДЕО)

29.03.2026 15:25 Қарақат АСЫЛОВА
Атырау маңынан дронға ұқсас бөлшектер табылды (ВИДЕО)
258
Полиция мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Атырау облысы аумағында ұшқышсыз ұшу аппаратының құлағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жағдайға қатысты өңірлік полиция департаменті түсініктеме берді. Таралған мәліметке сәйкес, 27 наурыз күні таңертең жергілікті тұрғын полицияға белгісіз, ұшқышсыз аппаратқа ұқсас затты байқағанын хабарлаған. Айтуынша, жанып жатқан нысан Атырау қаласынан шамамен жеті шақырым қашықтықта табылған.

Хабарламада оқиға орнынан қозғалтқыш пен зақымданған бөлшектер анықталғаны, олардың композитті немесе көміртекті талшықтан жасалған болуы мүмкін екені айтылған.

Атырау облысының Полиция департаменті бұл деректі растады, алайда табылған заттың нақты не екені әзірге белгісіз екенін жеткізді. ПД мәліметінше, қазіргі уақытта уәкілетті қызметтермен бірлесіп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Нысан елді мекеннен тыс аумақта табылған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий