Атырау облысындағы ерлі-зайыптылардың өлімі: күдікті туралы не белгілі
Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында ерлі-зайыптының қаза табуына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Марқұмдардың мәйіті бір күн бұрын өз үйлерінің ауласындағы шаруашылық құрылыстан табылған.
Ulysmedia.kz мәліметінше, аталған қылмысқа 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті ретінде қарастырылуда. Ол – қаза тапқан ерлі-зайыптылардың күйеу баласы. Құзырлы органдар әзірге істің мән-жайын ресми түрде жариялаған жоқ, алайда дереккөздер тергеу күдіктінің бұрынғы өміріне қатысты белгілі бір мәліметтерге ие екенін хабарлайды.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бұл отбасы бұрын да құқық қорғау органдарының назарына іліккен, бірақ ауыр немесе нақты заңбұзушылықтар анықталмаған. Ресми түрде расталмаған деректерге қарағанда, Сұлтан Сәрсемәлиев қазір Қазақстан аумағынан тыс жерде болуы мүмкін әрі марқұм әйелдің банк картасын пайдаланғаны туралы да болжам бар. Алайда бұл ақпаратты құқық қорғау органдары әлі растаған жоқ.
Марқұмдардың туыстары күдіктіні тұйық мінезді, араласатын ортасы тар адам ретінде сипаттайды. Оның тұрақты жұмысы болмағаны да айтылып отыр.
Қаза тапқан ерлі-зайыптыларды ертең Жангелдин ауылында жерлеу жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар