Атырау қаласы әкімінің орынбасары ұсталды – БАҚ  

01.06.2026 18:26 Әсел МҰРАТ
Атырау қаласы әкімінің орынбасары ұсталды – БАҚ  
349
Фото: gov.kz

Бейресми дереккөздерде Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

«Ақжайық» басылымының жазуынша, тергеумен ҰҚК Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі айналысып жатыр. Іс материалдарында екінші күдікті мен 40 миллион теңге көлеміндегі сома көрсетілген.

Дереккөздерге сүйенсек, ұсталғаннан кейін Мұқасов процессуалдық келісімге қол қоюға ниет білдірген, алайда кейін бас тартқан.

Politico.kz бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтау мақсатында Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдады. 

Мейіржан Мұқасов — Атырау облысының тумасы. 2013 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Бұған дейін қалалық ТКШ бөлімінде түрлі лауазымдар атқарған, кейін облыстық қаржы басқармасын, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасын басқарған. 2025 жылдың қаңтарында қала әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Войдите, чтобы оставить комментарий