Атырауда 9 сынып оқушысы 8 сынып оқушысына үшкір затпен шабуыл жасады (ВИДЕО)

13.03.2026 20:33 Қарақат АСЫЛОВА
Атырауда 9 сынып оқушысы 8 сынып оқушысына үшкір затпен шабуыл жасады (ВИДЕО)
326
Атырауда “BINOM” мектебінде сұмдық оқиға

Ата-аналар чаттарында мектептегі оқиға туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz сайты SyrMedia.kz-ке сілтемемен.

Атырау облысының полиция департаментінің мәліметінше, 13 наурыз күні Атырау қаласындағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысы жарақат алған. Оқиға орнына жедел түрде жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері шақырылды.Зардап шеккен оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 9-сынып оқушысы үшкір затпен жарақат салған.

Күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Барлық процессуалдық әрекеттер оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізілуде.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, бала тәрбиесімен тиісінше айналыспаған ата-анасы да жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий