Атырауда бес жасөспірім бір оқушыны ұрып-соққан: Полиция бәрін анықтады

10.09.2026 21:19 Қарақат АСЫЛОВА
Атырауда бес жасөспірім бір оқушыны ұрып-соққан: Полиция бәрін анықтады
378
Видеодан кадр

Атыраудағы Нұрсая ықшамауданында бес  жасөспірімнің бір оқушыны ұрып-соққаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға ауладағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше жасөспірім бір оқушыны қоршап алып, оған күш қолданған. Сол сәтте оқиғаға ересек ер адам араласып, жасөспірімдерді ажыратқан.

Әлеуметтік желідегі жазба авторлары ер адамды мектеп қызметкері немесе мұғалім болуы мүмкін деп болжаған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Оқиғаның нақты себебі мен оқушының қазіргі жағдайы туралы ақпарат жарияланбады.

Атырау облысының полиция департаменті құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық кәмелетке толмағандардың анықталғанын хабарлады.

«Барлық құқық бұзушылыққа жол берген кәмелетке толмағандар анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың заңды өкілдерінің қатысуымен түсініктеме алынуда. Жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Полицияның мәліметінше, жасөспірімдер ішкі істер органдарының есебіне қойылып, полиция бақылауында болады. Оқиғаға қатысты қосымша ақпарат кейінірек жарияланбақ.

Войдите, чтобы оставить комментарий