Атырауда жоғалған отбасының туысы үндеу жасады
Марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Осы себепті ол елге үндеу жасауға мәжбүр болған.
"Қайғыға ортақтасып, көңіл білдіріп жатқан жандарға Алла разы болсын! Мен марқұм Мақсот Қарабалин деген кісінің інісі боламын. Өкінішке қарай, бір келеңсіз жағдайларды естіп жатырмыз. Әлеуметтік желіде "көмек қолын созамын десеңіздер, осындай нөмірге ақша жіберсеңіздер болады" деген секілді ақпараттар тарап жатыр екен. Ол ақпараттың өтірік екенін айту мақсатында сіздерге осындай видео үндеу жолдап жатырмын. Мұндай ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз. Біз осында ауыл-аймақ, туған туыс өзіміз ауыртпалықтың бәрін көтеріп, шаруаларды үйлестіріп жатырмыз", – деді Шалқар Мұқанғалиев.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
10:30
Қызметтік пәтерде тұратын Құрылтай депутаты ком...
21.10.2026
10:08
Қазақстанда 312 мыңнан астам жас оқымайды да, ж...
21.10.2026
09:33
FlyArystan ұшағы Павлодарға жетпей, Алматыға ке...
21.10.2026
09:22
Әйеліне күш қолданғаны расталмады: прокурор тек...
21.10.2026
09:19
Шымкентте жалдамалы пәтердегі екі бала өлімінің...
21.10.2026
08:53
Жетісуда 4,5 миллиард теңгелік жолдың жолы болмады