Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: күдіктінің балалары мемлекеттік қорғауға алынды
Атырау облысындағы ауылдан бір отбасының жоғалып кетуі бірнеше айдан бері әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып келеді. Белгілі болғандай, қайын ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген азаматтың бес кәмелетке толмаған баласы уақытша мемлекеттік қорғауға алынған, деп хабарлайды Politico.kz.
Атырау облысының білім басқармасының мәліметінше, 2 ақпан күні полициядан әкімдікке шұғыл шаралар қабылдау туралы ресми хат түскен. Құжатта күдіктінің бес баласын уақытша қауіпсіз орынға орналастыру қажеттігі көрсетілген.
«Махамбет ауданындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия үш баланы Атырау облысы білім басқармасына қарасты Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, ал жасы 3 және 1 жастағы екі баланы мамандандырылған нәрестелер үйіне уақытша орналастырды», – деп хабарлады ведомство.
Басқарманың баспасөз қызметі балалардың жағдайы тұрақты бақылауда екенін атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды