Атыраудағы отбасы өлімі: қылмыс алдын ала жоспарланған

10.03.2026 14:16 Мөлдір Талғат
Атыраудағы отбасы өлімі: қылмыс алдын ала жоспарланған
3779
Фото: коллаж politico.kz

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында болған ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты іс бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Полиция Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына жауап беріп, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы жұбайы Ақбаянның ұсталғанын растады.

«Қазақстан ІІМ қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп, Индонезиядағы Ломбок аралының Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ер адамды ұстады. Онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен ретінде халықаралық іздеуде болған оның бұрынғы жұбайы да анықталды», — делінген полицияның ресми хабарламасында.

Тергеу мәліметінше, зейнеткерлер Максот Қарабалин мен Насип Өтешқалиеваның өлімі 2025 жылдың қараша айында болған. Алайда олардың мәйіттері тек 2026 жылдың 6 қаңтарында табылған.

Полицияның дерегіне сәйкес, күдікті қылмысты пайдакүнемдік мақсатта және ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжалдардың негізінде алдын ала жоспарлап жасаған.

«Күдікті екі адамды қасақана өлтірген. Қылмысты жасырмақ болып, мәйіттерді шаруашылық құрылыстың астына көмген, қан іздерін жойған, сондай-ақ марқұмдардың мүлкі мен ақшасын иемденген», — деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар полиция отбасының кенже қызы Ақбаянға қандай айып тағылғанын нақтылаған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий