Атыраудағы педофил әкімнің туысы болып шықты

10.04.2026 18:35 Арман Ермеков
Атыраудағы педофил әкімнің туысы болып шықты
802
Фото: gov.kz

Өгей қыздарын зорлағаны үшін істі болып, кейін тергеу изоляторында қаза тапқан Дабыл Жәрдемұлы Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің алыс туысы екені белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы органдардағы дереккөздеріне сілтеме жасап NewTimes.kz агенттігі жазды.

«Дереккөздердің мәліметінше, Дабыл Жәрдемұлы әкім Шәкір Кейкинге туыс болып келеді, бірақ туған ағайынды емес, сол себепті олардың тегі мен әкесінің аты екі түрлі», – деп хабарлады NewTimes.kz.

Марқұм Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында жерленген. Атырау әкімі Шәкір Кейкин де осы өңірдің тумасы. Куәгерлердің сөзінше, жаназаға жүздеген, тіпті мыңдаған адам жиналып, олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер де болған. Марқұмның отбасы қылмыстық істің мән-жайын жасырғандықтан, жерлеуге келгендердің көбі оның қандай қылмыс үшін сотталғанын білмеген.

51 жастағы Дабыл Жәрдемұлы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан. Сот оны кәмелетке толмаған екі өгей қызын зорлап, азғындық жолға түсіргені үшін кінәлі деп тауып, 25 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда үкім заңды күшіне енбегендіктен, ол түрмеге жөнелтілмей, тергеу изоляторында қамауда отырған. 22 наурызда Дабыл Жәрдемұлы ресми мәлімет бойынша изолятордағы жаппай төбелес кезінде өлтіріліп, мәйіті сол жерден табылған.

Шәкір Кейкин 1970 жылы Атырау облысының Жылыой ауданында дүниеге келген. Ол Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын 1993 жылы Құлсарыда бастаған. Әр жылдары түрлі қызметтер атқарып, Атырау қаласының әкімі лауазымына 2023 жылы тағайындалған. Қазір ол 56 жаста, Дабыл Жәрдемұлынан 5 жас үлкен.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий