Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы құдаларымен қарым-қатынасы туралы айтты

24.02.2026 17:07 Мөлдір Талғат
Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы құдаларымен қарым-қатынасы туралы айтты
582
Фото: коллаж politico.kz

Атырау облысы Жангелдин елді мекенінде болған қайғылы жағдайға күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы келінінің ата-анасына қатысты тың мәліметтерді жария етті, деп жазады Politico.kz.

Ол марқұм құда-құдағиымен арадағы қарым-қатынасты еске алып, келінімен алғаш қалай танысқанын баяндады. Айтуынша, ұлы болашақ жарының отбасымен тікелей емес, телефон арқылы танысқан.

«“Отбасын көрмедің бе? Қарамадың ба?” дегенімде, “Телефон арқылы таныстым” деді. “Ортасын, тектілігін қарамадың ба?” деп күмәндандым. Ұзату болған жоқ. Мал сойып, батасын бердік. Сұлтан алып қашып келді. Қуғыншы келген жоқ», – дейді ол.

Кейін құдаларынан кешірім сұрап, арнайы барғанын айтады.

«Өзіміз кешірім сұрап бардық, сыйлығымызды апардық. Жақсы қарсы алды. Құдағиым ренжіді. “Затыңды беретін едім, неге айтпай кеттің?” деді. Өкініш қой енді. Бірақ бәрін кешірді, жақсы қабылдады», – деді күдіктінің анасы.

Сонымен бірге ол соңғы екі жылда келінінің ата-анасы қыздарының жағдайын сұрап келмегенін айтып, өкініш білдірді.

«Құда-құдағиым жақсы адамдар еді. Тек ренжитінім – екі жыл бойы қызына келмеді. Ауырып жатыр ғой енді. Неге келмеді? Келіп бір маңдайынан сүйіп, “қызым-ау, бір реніш болған болар, кешір” деп айтпады. Жұмбақ күйінде қалды. Әлі күнге дейін ойлаймын», – деді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий