Атыраудағы қайғылы оқиғадан кейін 5 баланың тағдыры белгілі болды
3588
Атырауда болған атышулы қылмыстан кейін ата-анасыз қалған бес баланың қазіргі жағдайы туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қалалық білім бөлімінің дерегіне сәйкес, балалар арнайы әлеуметтік мекемелерге орналастырылған. Қазір олардың жағдайы тұрақты, барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Мамандардың айтуынша, отбасының үлкен үш баласы бейімдеу орталығында тәрбиеленуде. Ал 1 және 3 жастағы екі кішкентай бүлдіршін балалар үйіне орналастырылған.
Балалардың денсаулығы қалыпты, сабақ үлгерімі де жақсы деңгейде. Олар түрлі мәдени іс-шараларға қатысып, қатарластарымен араласып, белсенді өмір сүруде.
«Балалардың жағдайы жақсы. Атасы мен әжесі үнемі барып тұрады. Үлкендері сабаққа қатысып, шараларға белсенді араласады. Жақында өткен мерекелік кеште ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл-күйде болды», – дейді мамандар.
Қазіргі таңда балалардың ата-әжесі демалыс күндері барып, олармен кездесіп, қолдау көрсетіп келеді. Айта кетейік, балалар әлеуметтік желілерді қолданбайды, сондықтан олар болған қайғылы оқиға туралы толық хабардар емес.
Соңғы жаңалықтар
14.08.2026
09:40
Оралда септикке құлап кеткен 8 жасар қыз көз жұмды
14.08.2026
09:38
Толқын Забирова қаралы хабар айтты
13.08.2026
23:28
Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» мәртебесі белгілі...
13.08.2026
22:22
Жантүршігерлік сәт: Алматыда автобустың әйелді ...
13.08.2026
21:09
«Пәтер алып беремін» деген мұғалім 22 млн теңге...
13.08.2026
20:08
Нұрай Серікбайдың анасы сот үкімінен кейін көз ...