Атыраудағы трагедия: Полиция мәйітті күдіктінің үйінен іздеп жатыр

11.01.2026 15:48 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Атыраудағы трагедия: Полиция мәйітті күдіктінің үйінен іздеп жатыр
0
778
azh.kz

Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалып кеткен отбасыға қатысты іздеу жұмыстары жаңа кезеңге өтті. Қазіргі таңда тергеу органдары Геолог мөлтек ауданында орналасқан күдікті үйді жан-жақты тексеріп жатыр. Тергеу барысында отбасы мүшелерінің тірі болмауы мүмкін деген нұсқа да қарастырылуда, деп хабарлайды Politico.kz

Тергеу назары Геолог мөлтек ауданындағы уақытша жалдамалы баспанаға ауды. Аталған үйде күдікті Сұлтан Сәрсемалиев жұбайы Ақбаянмен бірге тұрған.

Үй іші толық тінтіліп, жер астындағы нысандарды анықтау үшін Орал қаласынан арнайы георадарлар жеткізілді. Аула мен оған іргелес аумақтар қазылып, техникалық құралдармен мұқият зерттелді.

Алайда бұл аумақта бейнебақылау камераларының аздығы тергеуге қиындық туғызуда. Бар камералардағы жазбалар небәрі 15 күн ғана сақталады, бұл оқиға хронологиясын қалпына келтіруді күрделендіріп отыр.

Полиция мен Ұлттық ұлан сарбаздары көршілерден жауап алған. Дегенмен, Геолог мөлтек ауданының тұрғындары күмән тудыратындай жайттарды байқамағандарын жеткізген.

«Көршілердің айтуынша, уақытша баспанада тұрған отбасы тұйық өмір салтын ұстанған. Көшеге сирек шығып, ешкіммен араласпаған. Шу немесе жанжал да болмаған», — делінген материалда.

Ауқымды жұмыстарға қарамастан, әзірге нақты нәтиже жоқ. Іздеуге кедергі келтіріп отырған негізгі факторлар:

  • маңайдағы далалық аумақ пен теміржол желісі;

  • лайсаң жер мен қолайсыз ауа райы;

  • қалың қамыс пен шөп басқан аймақтар.

Ресми мәліметке сәйкес, барлық нұсқа қарастырылуда. Алайда іздеу жұмыстарының бағыты отбасы мүшелері қаза тапқан болуы мүмкін деген болжамға басымдық беріліп отырғанын аңғартады. Қазіргі уақытта оқиға орнында жылжымалы штаб жұмысын жалғастырып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий