Атыраудағы трагедия: Сәрсемалиевтің ісі сотқа түсті

12.05.2026 12:06 Мөлдір Қайнар
Атыраудағы трагедия: Сәрсемалиевтің ісі сотқа түсті
2820
Фото: видеодан скриншот

Қайын жұртын өлтірді деген күдікпен тергеліп жатқан атыраулық Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы мәліметтер сот кабинетіндегі ресми деректерде жарияланған.

Іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Қылмыстық істі судья Зарема Хамидуллина жүргізеді. Айта кетейік, ол бұған дейін қоғамда үлкен резонанс тудырған Яна Легкодимова ісіне қатысты үкім шығарып, айыпталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын.

Әзірге Сұлтан Сәрсемалиевке нақты қандай баптар бойынша айып тағылғаны ресми түрде жарияланған жоқ. Сот кабинетіндегі ақпаратта қылмыстық істің көпшілікке қолжетімді еместігі көрсетілген.

Сонымен қатар сотталушылар тізімінде қаза тапқан отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиеваның аты-жөнінің болмауы да қоғам назарын аударған.

Ресми мәліметке сәйкес, қылмыстық іс судьяның өндірісіне 8 мамыр күні берілген.

Войдите, чтобы оставить комментарий